Оқығанды жазу мен жазғанды оқудың танымдық қыры
2024 жылдың 22 сәуірінде SDU-дың Vision Talks ұжымы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті оқытушысы, тілтанушы Арғынбек Құнанбайұлымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу тіл мен танымның сабақтастығы, оқу мен жазудың миға әсері, стилистика, жазу әдебіне арналды. Арғынбек Құнанбайұлының дәрісінде Алаш зиялыларының баспа ісі, кітап шығару, оқулық жазудағы ерен еңбегі мен қазақ даласындағы жомарт байлардың ағартушы, зиялы қауымға жасаған демеушілігі де айтылды. Дәріске кітапсүйер, оқуға, мәтін жазуға ынта-ықыласы ауған жастар қатысты. Ойталқы кітап оқудың нейробиологиясына қатысты зерттеулермен толықты, кітап көп оқу мен көп кітап оқудың аражігі, оқудың адам эмпатиясы мен зейін-зердесіне ықпалы тұжырымды ізденістер негізінде баяндалды. Жиналған тыңдарманға Абайдың сөз өрнегінен бөлек, Бердібек Соқпақбаевтың, Рахымжан Отарбайдың кейіпкер келбетін айшықтауда қолданған сөз құбылтуы мен ойды қазақы шендестіру үлгілері де айтылды. Дәріс соңында Мортимер Адлерлің, Марианна Улфтың, Барбаро Оаклидің зерттеулері оқуға ұсынылды. Студенттер тарапынан қосымша сұрақтарға келелі кеңес, алымды ақыл айтылды.
Сілтемесі:
https://www.instagram.com/reel/C6DQPb-tT03/?igsh=MTM1bWJ2MHh1bmRyYg==