Homo confusus һәм Абайдың езгу құлы
7 желтоқсан, 2024
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті оқытушысы, тілтанушы Арғынбек Құнанбайұлы 22 қыркүйекте білім-ғылымға ынтық кітапсүйерлердің “OyOrda” клубына “Homo confusus һәм Абайдың езгу құлы” атты танымдық дәріс өткізді. Дәрісте жасанды интеллектінің танымға әсері, өміршең құндылықтардың концептуалды жүйесі талқыланды. Жаңа заман адамының әлеуметтік желі қолдану әдебі мен ойсыздықтың, тереңге беттемей, үстірт ойлау зияны зерделі зерттеулер негізінде айтылды. Хәкім Абай сипаттаған “ниһаятсыз адамның” сипаты, me-conomy дәуіріндегі кісіліктің құны, тереңдеген сайын кереңдене түсетін ұрпақтың тілін табу тәсілдері сөз етілді.
Сілтеме:https://www.instagram.com/p/DADvRJ6NGh8/?igsh=MWw4NnY3NjdwY2pkMg==
Басқа жаңалықтар
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024