ТДМ-4: «Сөз сөйлеу өнері және ораторлық қабілетті дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

4 желтоқсан, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың психологиялық қолдау қызметі мен «Инклюзивті орта» ғылыми-тәжірибелік орталығы ТДМ-4: «Сапалы білім беру» аясында 4 желтоқсан күні «Журналистика» факультетінің студенттеріне арналған «Сөз сөйлеу өнері және ораторлық қабілетті дамыту» атты семинар-тренинг өткізді. Іс-шараның мақсаты студенттердің ораторлық шеберліктерін жетілдіру және сөз сөйлеу мәдениетін арттыру болды. Тренинг барысында қатысушылар түрлі жаттығулар мен рөлдік ойындар арқылы сөйлеу техникасы мен аудиториямен байланыс орнату дағдыларын меңгерді. Сондай-ақ, тренингтің барысында сөз сапасын жақсарту, дауысты дұрыс пайдалану және өзін-өзі сенімді ұсыну бойынша практикалық кеңестер берілді. Жаттығулар студенттерге эмоциялық интеллектіні дамытуға, тыңдаушының назарын ұстап тұруға және тиімді коммуникация орнатуға мүмкіндік берді. Тренингке кәсіби мамандар жетекшілік етіп, қатысушылардың жеке ерекшеліктеріне назар аударып, оларды дамытуға бағытталған ұсыныстар жасады. Мұндай тәжірибелік сабақтар студенттерге болашақта журналистік қызметте қажетті дағдыларды меңгеруге көмектеседі.