«Экожүйені сақтау – табиғи тепе-теңдіктің кілті» тақырыбындағы тәрбие сағаты
2024 жылдын 4 желтоқсан күні әл-Фараби атындаты Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығы мерейтойына орай БҰҰ Тұрақты даму бағдарламасының (ЦУР) 15-шы мақсатына сәйкес «Жердегі экожүйелерді қорғау, қалпына келтіру және тұрақты пайдалануды ынталандыру, ормандарды тұрақты басару, шөлейттенумен күресу, жердің тозуын тоқтату және кері қайтару және биоәртүрліліктің жоғалуын тоқтату» 2 курс студенттерімен тәрбие сағаты үйымдастырылды. Іс- шара Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті Б.Иманбекова және педагог-оқытушы Мурзагулова М.Д. жетекшілігімен «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» Ж.И.Ургенишбаева, Н.М.Сейдалиева, «8D05101 - Биология» мамандығы М.Ербай және «8D05108 - Геоботаника» мамандығы М.Е. Мусина, Ж.М Такиева өткізді.
Тәрбие сағаты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биология мұражайында өткізілді. Іс-шараға 2 курс студенттері, мұражай қызметтері барлығы, 20 адам қатысты.
Тәрбие сағатының мақсаты: Экожүйе ұғымын және оның табиғи тепе-теңдікті сақтау үшін маңызын түсіндіру, студенттердің экожүйелерді қорғауға деген жауапкершілігін арттыру және музей экспонаттары арқылы жануарлар мен олардың мекендеу ортасының байланысын көрсету. Сабақ барысында кіріспе бөлімінде экожүйе туралы түсінік, негізгі бөлімінде мұражайға экскурсия , мұражайдың әр бөліміндегі экожүйедегі жануарлардың рөліне тоқталып жалпы түсінік берілді. Сабақтың барысында талдау тапсырмалар беріліп, қорытынды бөлімінде шығармашылық тапсырма орындап, экожүйені сақтау үшін адамның қандай әрекеттер маңыздылығынамен жануарлардың жойылуын тоқтату шаралар жолдарын айтып, студенттер өз ойларымен бөлісті.
Тәрбие сағаты соңында студенттер экожүйелердің маңызын түсініп, табиғатты қорғау жолдары туралы білімдерін тереңдетті және қоршаған ортаға деген жауапкершіліктері артты.