ТДМ-4. Экомәдениетке арналған медиамектеп оқушыларының слеті
Журналистика факультетінде «Тұрақты даму мақсаттарында білім беру: журналистика және PR» атты Алматы қаласы медиамектептері оқушыларының слеті аясында Ашық есік күндері өтті.
ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының профессор-оқытушылары бүгінгі оқушылар - ертеңгі ақпарат саласының мамандарын үлкен ыждаһатпен қарсы алды және семинар-тренингтер өткізіп, оқушыларды халықаралық журналист және PR маманы болудың ерекшеліктерімен таныстырды. Сонымен қатар 20 қараша мен 2 желтоқсан арасында ұйымдастырылған «Болашақтың журналисті!» шығармашылық байқауында оқушылар «Менің экобастамам: экологияны жақсарту үшін не істей аламын?» деген тақырыпта эссе жазып, қаланың экомәдениетіне қосар үлестері жайлы өз ой-толғамдарын білдірді.
Кездесу соңында байқау жеңімпаздары марапатталып, шараға қатысқан барлық оқушыларға сертификаттар табысталды.