Жатақханада тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өтті
5 желтоқсан, 2024
5 желтоқсан күні Шығыстану факультетінің жатақханасындағы оқу залында "Ел болашағы – жастар" атты мазмұнды дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны факультет деканаты ұйымдастырып, Қазақстанның тәуелсіздігі мен оның тарихи маңызы, шығыстану саласының маңыздылығы сияқты маңызды тақырыптар талқыланды.
Дөңгелек үстелдің құрметті спикері ретінде Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Керимбаев Ержан Абдраимович сөз сөйлеп, қатысушыларға терең мазмұнды ойлар ұсынды. Іс-шараға қатысқан Шығыстану факультетінің студенттері белсенділік танытып, шарадан рухани байып, ерекше әсермен тарқасты.
Басқа жаңалықтар
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024