Сапалы білімFarabi University

Сапалы білім

9 желтоқсан, 2024

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті О.Н. Тілепбергенов пен “Елтұтқа” клубының ұйымдастыруымен “Сапалы білім” тақырыбында 2024 жылы 7 желтоқсан күні дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның басты мақсаты – сапалы білім алудың қоғам дамуындағы маңыздылығын талқылау, білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын анықтау болды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар: Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің сапасын арттырудың тиімді әдістерін талқылады; Білім беру үдерісінде жаңа технологиялар мен инновацияларды қолданудың маңыздылығын атап өтті; Қазақстандағы және әлемдегі білім беру стандарттарын салыстырмалы талдаудан өткізді.
Қатысушылар сапалы білімнің тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі рөлі мен жастардың кәсіби және жеке дамуына ықпалы туралы пікір алмасты.
Іс-шара қорытындысында сапалы білім беру үшін: Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру; Білім беру инфрақұрылымын дамыту; Оқытудың заманауи әдістемелерін енгізу қажеттілігі атап өтілді.
Қатысушылар сапалы білімнің болашақ ұрпаққа жарқын болашақ сыйлайтынын және оның қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуына қосатын үлесін ерекше атап өтті.