
Қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті О.Н. Тілепбергенов пен “Елтұтқа” клубының ұйымдастыруымен “Әлемдегі гендерлік теңдік” тақырыбында 2024 жылы 7 желтоқсан күні дөңгелек үстел өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – гендерлік теңдік мәселелерін талқылау, қоғамдағы әйелдер мен ерлердің тең мүмкіндіктерге қол жеткізуін қамтамасыз ету жолдарын қарастыру және осы саладағы өзекті проблемаларды талдау болды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар: Әлемдегі және Қазақстандағы гендерлік теңдік деңгейін талдады; Әйелдер мен ерлердің білім, еңбек нарығы және саясаттағы құқықтарын теңестіру мәселелерін көтерді; Гендерлік стереотиптермен күресудің тиімді әдістері бойынша пікір алмасты. Қатысушылар гендерлік теңдік тек құқықтық нормалар ғана емес, сонымен бірге қоғамның тұрақты дамуы үшін маңызды құндылық екенін атап өтті.
Іс-шараның қорытындысы бойынша гендерлік теңдік мәдениетін қалыптастыруда білім беру мен құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ қоғамның барлық салаларында әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін бірлескен күш-жігердің қажеттілігі туралы ұсыныстар жасалды.
Басқа жаңалықтар

