- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қатерлі ісік ауруларының алдын алуда қолдану үшін фототрофты микроорганизмдердің биоактивті заттарының потенциалын зерттеу» тақырыбы бойынша Докторлық Семинар
«Қатерлі ісік ауруларының алдын алуда қолдану үшін фототрофты микроорганизмдердің биоактивті заттарының потенциалын зерттеу» тақырыбы бойынша Докторлық Семинар

Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасы докторанттарының ғылыми семинары 2024 жыл 5 желтоқсанда өтті. Семинар барысында 3-курс докторанты Тоқтыбай А. «Қатерлі ісік ауруларының алдын алуда қолдану үшін фототрофты микроорганизмдердің биоактивті заттарының потенциалын зерттеу» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндамада фототрофты микроорганизмдердің, оның ішінде цианобактериялар мен микробалдырлардың, сондай-ақ олардың антиоксиданттар, каротиноидтар және полисахаридтер сияқты биоактивті қосылыстарының бірегей қасиеттері қарастырылды. Бұл заттардың қатерлі ісіктердің алдын алу мен емдеуде қолдану перспективаларына ерекше назар аударылды.
Тоқтыбай А.К. фототрофты микроорганизмдердің экстракттарының қатерлі ісік жасушаларына әсерін көрсететін зертханалық зерттеулер нәтижелерін ұсынды. Бұл деректер биомедицинадағы инновациялық тәсілдерді әзірлеуге жаңа мүмкіндіктер ашады.
Баяндама семинар қатысушылары арасында белсенді талқылауға ұласты. Талқылау барысында болашақ зерттеулерге қатысты құнды ұсыныстар мен ескертулер айтылды. Әріптестер зерттеудің өзектілігі мен маңыздылығын жоғары бағалап, жұмыс биотехнология мен медицина саласында ғылыми білімді дамытуға үлесін қосатындығын атап өтті.
Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасы Ақнұр Кентайқызына қызықты баяндамасы үшін алғысын білдіреді және ғылыми міндеттерін жүзеге асыруда сәттілік тілейді!
Докторский семинар по теме: «Изучение потенциала биоактивных веществ фототрофных микроорганизмов для профилактики раковых заболеваний»
Научный семинар докторантов кафедры биофизики, биомедицины и нейронауки прошел 5 декабря 2024 года, где докторант 3-го курса Токтыбай А.К. выступила с докладом на тему: «Изучение потенциала биоактивных веществ фототрофных микроорганизмов для профилактики раковых заболеваний».
Аширова Ж. Б.
Басқа жаңалықтар


