«Мұхиттарды, теңіздерді және теңіз ресурстарын тұрақты даму мүдделерінде сақтау және ұтымды пайдалану»

9 желтоқсан, 2024

Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы  «Корейтану» бөлімінің 4 курс студенттері 09.12.2024ж күні «Мұхиттарды, теңіздерді және теңіз ресурстарын тұрақты даму мүдделерінде сақтау және ұтымды пайдалану» тақырыбында ТДМ аясында ашық пікір талас алаңын өткізді.

Студенттеріміз оқитын елдің (Корей Республикасы) және Қазақстан Республикасының теңіз экожүйелерін сақтау, қорғау бағытындағы күресу жолдарын таныстырды. Пікір талас алаңында теңізде қорғалатын аумақтарға күтім жасау,  суды тазарту технологиялары және пластик қалдықтарымен күресу,  негізгі қауіп қатерлерді алдын алу жолдары, теңіздегі тіршілік иелеріне жағдай жасау, олардың толыққанды өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру мәселелерін қарастырды.  Әр топ екі елдің теңізді қорғау әдістері мен оларды ұтымды пайдалану және келешектегі әлеуетін жақсарту жолдары мен тәсілдерін таныстырды, өзара сұрақ қою арқылы пікір алмасты.

Адамзат үшін судың маңызы  зор, сондықтан теңіз эко жүйесін сақтап, қалыпта ұстап отыру әрбір азаматтың міндеті.

Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Жаханова Жанар Абусеитовна