QyzPU-да өткен қаржылық сауаттылық негіздері

Тұрақты дамудың 4-ші мақсаты «Сапалы білім беру», 8-ші мақсаты «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» және 17-ші мақсаты «Тұрақты даму үшін серіктестікке» сәйкес 2024 жылы 05 желтоқсанда QyzPU-да экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі Керімбек Ғалымжан Есқараұлымен «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында кездесу өтті.
Қаржылық білімді арттыру және қаржы саласында маңызды дағдыларды меңгеру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен 1 курс студенттері қатысты.
Кездесуде өз-өзіңе есеп беріп, жоспар құру мен уақытты дұрыс пайдаланудың маңыздылығы айтылды.
Керімбек Ғалымжан Есқараұлы «Қарызсыз қоғам» ұғымының негізі үнемдеуден басталатынын ерекше атап өтті.
Осының бәрі қарапайым өмірдегі жағдайлар мен танымал кинофильмдерден алынған мысалдар арқылы жеткізілді. Бұл қатысушылардың тақырыпты жақсырақ ұғынуына ықпал етті.
Қазақтың ұлы ойшылы Абайдың қара сөздерін қаржылық сауаттылық мәселесімен үйлестіре отырып, тереңірек түсінік берді.
Мазмұнды кездесу соңында қатысушылар Керімбек Ғалымжан Есқараұлына толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Басқа жаңалықтар

