Қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқутышысы Т.Ж Худайбергенов және 116 топ студенттері ТДМ(4) бойынша “Сапалы білім” «Жемқорлыққа жол жоқ!» «Сыбайлас жемқорлықты жою үшін ең тиімді әдіс — заңнамалық реформалар ма, әлде қоғамның мәдениетін өзгерту ме?» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Ашық сабақта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның қоғамға тигізетін зияны және әр азаматтың бұл мәселеге қарсы күрестегі рөлі талқыланды. Сабақ барысында студенттер сыбайлас жемқорлықтың құқықтық және моральдық аспектілерін зерттеді.Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әрбір адамның жауапкершілігі мен белсенділігі туралы пікірлер айтылып, нақты мысалдар келтірілді. Студенттер өз ойларын ашық білдіріп, сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімді жолдары туралы ұсыныстар жасады. Бұл сабақ оқушыларды азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеп, қоғамдағы әділдік принциптерін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.