Қытай тілін оқытудағы халықаралық тәжірибе алмасу: тәжірибе, әдістеме және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы перспективалар

10 желтоқсан, 2024

2024 жылы 10 желтоқсанда Шанхай қаласындағы Шығыс Қытай педагогикалық университетінің қытай тілін шет тілі ретінде оқыту мамандығы бойынша екінші курс докторанты Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде доктор Сапарбаеваның Н. Б. сабақтарына қатысты. Сабақ барысында ол қытай тілін оқыту әдістемесі бойынша құнды тәжірибе жинақтап, аударма ісі мамандықтарына арналған қытай тілін оқыту саласында бірлескен ғылыми зерттеу жүргізуді ұсынды. Зерттеу заманауи оқыту әдістерін зерделеуге, білім беру процесін нарықтық сұранысына бейімдеуге және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында қытай және қазақстандық кәсіпорындарға қажетті жоғары білікті мамандарды дайындауға бағытталған.