Білім беру саласындағы теңсіздікті жою

2024 жылдың 2 желтоқсанында Геоинформатика білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен білім беру саласындағы теңсіздікті жою принциптерін сақтау тақырыбында жиын өткізілді. Білім беру саласындағы теңсіздікті жою — қоғамның тұрақты дамуы мен әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудің маңызды аспектісі. Бұл мәселе көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да өзекті болып табылады. Мұндай теңсіздік аймақтық, экономикалық, гендерлік және басқа да факторлардан туындауы мүмкін. Оны жою үшін кешенді шаралар қажет. Қалалық және ауылдық мектептер арасындағы сапа айырмашылығын жою маңызды. Ауылдық аймақтарға заманауи инфрақұрылым, сапалы мұғалімдер мен ресурстар жеткізілуі тиісті екенін талқыладық. Әсіресе кейбір қоғамдарда қыз балалардың білім алу мүмкіндігін шектеу мәселесі бар. Бұл бағытта отбасылардың, қоғамның және мектептердің ынтымақтастығын күшейту, арнайы бағдарламалар ұйымдастыру маңызды. Білім беру саласындағы теңсіздікті жою — ұзақ мерзімді әрі жан-жақты жұмыс. Бұл үдерісте мемлекет, білім беру ұйымдары, азаматтық қоғам және жеке сектор бірігіп әрекет етуі керек. Әділетті білім жүйесі қоғамның дамуына және әр азаматтың өз әлеуетін толық іске асыруына мүмкіндік беру жолдары айтылған болатын.
Басқа жаңалықтар

