«Валюта күні Ұлттық маңыздылық»
2024 жылдың «15»-ші қарашасында «Табиғи-техногенді қауіп-қатерлер» мамандығының 1-ші курс студенттерімен Ұлттық валюта күніне орай «Валюта күні: Ұлттық маңыздылық» атты тақырыпта кураторлық тәрбие сағаты өтті.
1992 жылы Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітіп, 1993 жылдың 12 қарашасында Елбасы ұлттық валюта енгізі туралы Жарлыққа қол қойды. Сол жылдың 15 қарашасында Қазақстанның өз ұлттық валютасы теңге айналымға енгізіліп, теңге елдің тәуелсіздігінің маңызды символы болды.
Теңгені жасаған суретшілер: Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлелов. 1992 жылы теңге дизайынындағы портреттер бекітіліп, теңге Ұлыбританияда басылып шықты. Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.
Біздің ұлттық валютамыз тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуымен және дамуымен тығыз байланысты. Мемлекет тарихы, маңызды тарихи оқиғалар, көрнекті қайраткерлер, атаулы күндер, мәдениет пен спорт саласындағы жетістіктер қағаз банкноттар мен монеталарда көрініс табады. Теңгенің енгізілуі экономикалық егемендікті, өзінің ақша-несие саясатын жүзеге асыруды және реформалардың тереңделе жүргізілуін қамтамасыз етті.
Қазіргі таңда теңгенің маңыздылығы оның Қазақстанның егемендігінің маңызды белгісі, елдің қаржылық жүйесін реттеуге мүмкіндік беретіндігі, әрі теңге қазақ тарихы мен мәдениетін бейнелейтіндігі.
Ұлттық валютамыз өзінің тұрақтылығын күн өткен сайын дәлелдеп келеді. Өйткені ол Ұлттық валюта. Теңгеміз көбейіп, табысымыз арта берсін!