10 желтоқсан, 2024

2024 жылғы 29 қараша
БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясында: ТДМ 3 «Сапалы білім», ТДМ 5 «Гендерлік теңдік», ТДМ 10 «Теңсіздікті азайту» және ТДМ 17 «Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік» бағытында «Бизнес технологиялары» кафедрасы ұйымдастырған кездесуде Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы QS Universites рейтингіне кіретін Индонезияның Malikussaleh университеті өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында академиялық мобильдік, қос диплом бағдарламасы, докторанттарға жетекшілік жасау және оқытушылардың тағылымдамасы бойынша ынтымақтастықтың болашағы талқыланды. Нәтижесінде екі жоғары оқу орны арасында меморандумға қол қойылды.

Экономика және бизнес жоғары мектебінде Экономика және бизнес факультетінің деканы PhD Jully Mursyida және бизнес департаментінің директоры Dr. Mohd. Heikal қатысуымен қонақ дәріс ұйымдастырылды.

Қонақ дәрістің бірінші тақырыбы: «Әйелдер кәсіпкерлігін нығайту және олардың құқықтарын кеңейту: АСЕАН-ИНДОНЕЗИЯ тәжірибесі». Кездесу барысында Азия елдерінде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Индонезиядағы әйелдер құқықтарын жүзеге асыру тәжірибесімен бөліскен Jully Mursyida кәсіпкерліктің басым бағыттарының бірі ретінде әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуді, олардың қоғам өмірі мен бизнестегі рөлін күшейтуді атап өтті.

Содан кейін Dr. Mohd. Heikal «Relationship Marketing» тақырыбында баяндама жасады.

Ұйымдастырушылар: Экономика және бизнес жоғары мектебінің басшылығы мен «Бизнес технологиялары» кафедрасы.