ТДМ-4: «БІЗ» студенттер театры «БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ» қойылымын көрермендер назарына ұсынды

8 желтоқсан, 2024

Университетіміздегі өнерлі жастардың басын бір ортаға тоғыстырған «Біз» студенттер театры 8 желтоқсан күні «Әл-Фараби» кітапханасының №416 залында  Әлімбек Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» қойылымын көрермендер назарына ұсынды.

Бұл южеттік қойылым өз тұрмысын күйттеп кеткен бауырлар жайында. Күйттегені соншалық, олардың ауылдағы қарт анасы мен мүгедек бауырларын естеріне алуға мұршалары болмады. Мүгедек бауырының өтініш жасап сұраған нәрсесін әкеліп бермегендерінен-ақ олардың арасындағы бауырмалдылық сезімінің ізі де көрінбейтінін аңғаруға болады. Қойлымның негізгі берер ойы – мейірімділік. Әсіресе, бүгінде санасын тұрмыс билеп, өз отбасын құрып үлгерген көп балалы отбасыдан тараған бауырлардың бір-біріне, қоғамға деген мейірімсіздігі. Қарасаңыз, ауылдағы ана мен мүгедек баланың психологиясы бір бөлек, тұр¬мыстағы қыздар мен күйеубаланың, қала-дан келген ұлдың психологиясы бір бөлек. Сан түрлі мінез-құлық иелерінің тұрмыс¬тық қажеттіліктен аса алмауы кө¬рерменге көп ой салады. Олр үшін кінә арту, өкпе-ренішін жеткізу секілді арзан құндылықтар алдың¬ғы орынға шығып кеткен.

«Бір түп алма ағашы» пьесасы – өмірдің сан түрлі қиындықтарына қарамастан, әрбір саналы адам қоғамдағы, отбасындағы өзінің рөлін ұмытпауы тиіс деген игіліктен туған дүние. Сонымен қатар қойылым арқылы автор өз оқырмандарына тағ¬дыр¬-мен күресу үшін таусылмас күш, тал¬мас қажыр-қайрат керектігін көрерменге ұғындырғысы келеді.

«Біз» студенттер театрының талантты жас әртістері өздеріне берілген рөлдерді өте жоғары деңгейде ойнап шықты. Бұл қойылымды тамашалауға келген көрермендердің ыстық ықыластары мен көрсеткен қошеметтерінен ерекше байқалды.