Университет музейінде Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Сильван ГиогеFarabi University

Университет музейінде Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Сильван Гиоге

12 желтоқсан, 2024

Бүгінгі таңда ҚазҰУ Францияның 23 университеті және ұйымдарымен қарым-қатынас орнатқан жоғары оқу орны.

Университет музейінде Сильван Гиоге мырзаға университеттің ғылыми-инновациялық жобалары мен болашақ жоспарларынан мәлімет берілді. Музейдің экспозициялық құрылымына қызыққан ғалым ризашылығын білдірді.