
2024 жылдың 7 желтоқсанында ТДМ 15 «Құрлық эко жүйелерін сақтау» мақсатында «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының меңгерушісі Усеинова К.Р., және оқытушысы Базартаева Е.Б. жетекшілігімен Құқықтану мамандығының 122 топ студенттері Tabigat Labs-тың бағдарламасына барып, экологиялық мәселелерді шешу және климаттың өзгеруіне күш салу туралы лекция өттік.
Бұл жоба аясында топ мүшелері шағын дәрістер, эко-тауарлар жәрмеңкесі, кітап дүкені және шеберлік сыныптары мен интерактивті ойындар болды. Сондай-ақ “Қазақстанда сирек кездесетін жануарлар” туралы кітап көріп және оның авторымен таныстық.
Осындай игі істердің арқасында біздің қоғам табиғатқа деген жауапкершілікті арттырып, экологиялық мәселелерді шешуге белсенді атсалысу арқылы біз тұрақты болашақ құруға өз үлесімізді қоса аламыз. Әрбір әрекетіміз қоршаған орта мен қоғам үшін маңызы зор екенін ұмытпайық!
«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы
Басқа жаңалықтар

