«Экономикалық теориядан пәндік олимпиада»Farabi University

«Экономикалық теориядан пәндік олимпиада»

12 желтоқсан, 2024

ТДМ «Сапалы білім беру» бағытындағы 4-ші және «8-ші Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» мақсаттарына сәйкес  2024 жылдың 7 желтоқсанында Экономика және бизнес жоғары мектебі «Экономика» кафедрасы ұйымдастырумен «Экономикалық теориядан» әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЭжБЖМ: «Экономика», «Цифрлық экономика», «Қаржы», «МжЖБ», «Менеджмент», «Логистика», «Есеп және аудит», «Маркетинг» мамандықтарының 1-курс студенттері арасында  пәндік олимпиада өтті.

Олимпиада 5 кезеңдік жарыс сипатында өтті. Сайысқа қатысушылар экономикалық тақырыптарды, соның ішінде нарықтың қалыптасуы, инфляция мен жұмыссыздықты, ел экономикасын әртараптандыру мәселесін шешу, экономикалық өсуді тұрақтандыру бойынша жобалық жұмыстарын ұсынып қорғады. Пәндік олимпиадада студенттер Экономикалық теория курсы бойынша білімдерін ортаға салып шығдалды. Сайыс өте қызықты және тартысты өтті, олимпиада қорытындысы ретінде жеңімпаздар мен белсенділер марапатталынды.

Олимпиада барысында студенттер өздерінің ұйымдастырылуымен келген қонақтар алдында кішігірім концерттік бағдарлама да ұсынды. Мұндай сайыстардың басты артықшылығы мен маңыздылығы студенттердің өзара әрекеттесуін ынталандыру, өзіндік басқарушылық дағдыларын дамыту және пән бойынша оқыту нәтижелерін терең қалыптастыру.

Ұйымдастырушылар: «Экономика» кафедрасының оқытушылар құрамы: Г.К. Иляшова, А.А.Ережепова, Д.Р. Тураров, И.У.Кулиев, Ш.Ә.Нұрғазы.