«Қазіргі замандағы дін және медиа: мүмкіндіктері мен даму перспективалары» тақырыбында пікірталас

11 желтоқсан, 2024

11.12.2024 жылы ҚазҰУ университетінің Философия және саясаттану факультетінде 2 курс Дінтану мамандығының магистранттарының ұйымдастыруымен Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру аясында: 4 мақсат- Білім сапасы бағыты бойынша «Қазіргі замандағы дін және медиа: мүмкіндіктері мен даму перспективалары» тақырыбында пікірталас өткізілді. Бұл іс-шара дінтану ғылымының қазіргі заманғы өзекті мәселелерін талқылауға және осы саладағы жаңа мүмкіндіктер мен даму бағыттарын анықтауға арналды. Пікірталаста, әсіресе, дін мен медиа арасындағы байланыстың маңызы және бұл байланыстың қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен жаһандану үдерістеріне әсері қарастырылды. Шараға қатысушылар діннің қоғамдағы рөлі, оны түсіндірудегі заманауи тәсілдер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының дінді таратудағы мүмкіндіктері туралы пікір алмасты. Аға оқытушы Утебаева Динараның жетекшілігімен ұйымдастырылған бұл пікірталас студенттерге ғылыми көзқарастарды дамытуға, сын тұрғысынан ойлауға және заманауи мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. Іс-шара қорытындысында қатысушылар дін мен медианың бірлескен ықпалы арқылы қоғамда оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған нақты ұсыныстар мен идеяларды талқыға салды.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

Филос.ғ.д., проф. Байтенова Н.Ж.,

Филос.ғ.д., проф. Борбасова Қ.М.,

PhD, аға оқытушы Утебаева Д.С.

                                                          2 курс дінтану мамандығының магистранттары:

                                                                                        Алибаева А., Абдуллин А., Джундыбаева Г., Карім Р.,                                                                                            Ержанова А., Естай Р., Разбекова М., Қуан А.