«Тұрақты даму мақсаттары контекстінде мәдени антропологтардың білімінің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел

12 желтоқсан, 2024

2024 жылғы 12 желтоқсанда философия ғылымдарының докторы, доцент Жолдубаева А.К. жетекшілігімен философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасында «Тұрақты даму мақсаттары контекстінде мәдени антропологтардың білімінің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына «Мәдени антропология» мамандығы бойынша 2-курс магистранттары қатысты: Эрнст Е. «Мәдени антропологтардың бейбітшілік пен әділеттілікке қол жеткізу үшін мәдениаралық диалогқа қосқан үлесі», Тансык Ж. «Тұрақты даму мақсаттары контекстінде мәдени антропологтардың білімінің рөлі», Алшынова А. «Мәдени антропологтардың ТДМ контекстіндегі рөлі», Алмаханова Н. «Тұрақты даму мақсаттары негізінде мәдени антропологтардың табиғи ресурстарды пайдаланудың дәстүрлі тәсілдерін зерттеуі», Алимхан А. «Мәдени алуантүрлілік және теңдік: Мәдени антропология және Тұрақты даму мақсаттарының байланысы», Ілесбек А. «Мәдениет және денсаулық».