- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ АЯСЫНДА ТҮРІКТАНУ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ КАФЕДРАСЫ 16 ЖЕЛТОҚСАН ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА «ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМІЗ!» КЕШ ӨТКІЗДІ.
ТДМ АЯСЫНДА ТҮРІКТАНУ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ КАФЕДРАСЫ 16 ЖЕЛТОҚСАН ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА «ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМІЗ!» КЕШ ӨТКІЗДІ.
Тұрақты даму мақсаттары аясында 2024 жылдың 12 желтоқсанында түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедрасында 16 - желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» кеш өтті. Кешті 3 курс студенттері және аға оқытушылар: А.Ж. Назарова, Г.Қ. Теменова ұйымдастырды. Кешке түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрам, магистранттар мен студенттер қатысты.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталып, студенттер дайындаған баяндамалармен жалғасты. Атап айтсақ, 3 курс студенттері Әсел Салимбай «Тәуелсіз Қазақстан!», Меруерт Нургазина «Қазақстанның сыртқы саясаты» тақырыптарында баяндама жасады. Баяндамалардан кейін студенттер баяндамашыларға сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар, 3 курс студенті Жания Ілияс Ә. Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» күйін орындады, Айдана Әкімбек Қ. Сариннің «Тәуелсіздік», Азиза Дулатқызы М. Шахановтың «Желтоқсан алаңы» өлеңдерін оқыды және Медина Маликова, Рахилям Асимовалардың дайындаған векториналық ойын ойнатылды.
Кеш соңында келген қонақтар мен студенттерге құттықтау сөзі берілді және студенттер Ж. Тұяқбаевтың «Кең Далам» әнін орындады.
Шығыстану факультеті Түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедрасының аға оқытушылары: А.Ж. Назарова, Г.Қ. Теменова