- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті Шыңжаң университетінің заң факультетінің делегациясын қабылдады!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті Шыңжаң университетінің заң факультетінің делегациясын қабылдады!
12 қараша, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті Шыңжаң университетінің заң факультетінің делегациясын қабылдады! Кездесуде университеттер арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері, соның ішінде студенттер мен оқытушылар алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер мен білім беру жобалары талқыланды.
Келіссөздерге «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы қатысты.
Екі жақтың өкілдері ынтымақтастық кәсіби және академиялық дамудың жаңа көкжиектерін ашатынына, сондай-ақ құқықтық білім беру саласындағы халықаралық байланысты нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы