ТДМ 8 – «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу»Farabi University

ТДМ 8 – «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу»

4 желтоқсан, 2024

Тұрақты даму мақсаты (ТДМ) 8 – «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу». 2024 жылғы 4 желтоқсанда «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасының оқытушысы Сандуғаш Дарханқызы 102-топ студенттерімен бірге ЭКОХАБ-қа барды. Біз экологиялық тазалықты қалай сақтау керектігі және қалдықтарды қайта өңдеу тұрақты даму мақсаттарына қалай ықпал ететіні туралы құнды мәлімет алдық. ЭКОХАБ-та біз қалдықтарды қайта өңдеуге арналған заманауи аппараттардың жұмысын көрдік, олар жоғары тиімділікке ие және қоршаған ортаға үлкен пайда әкеледі. 

ЭКОХАБ жобасы қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды қайта өңдеу үшін барлық қажетті ресурстарды ұсынады. Сонымен қатар, кез келген адам ерікті болып, қайта өңдеу процесіне қатыса алады. Еріктілер қайта өңдеуге жарамды материалдарды жинап, оларды сұрыптап, әртүрлі кезеңдерде өңдейді. Біз бұл саладағы еріктілік көптеген қатысу мүмкіндіктерін және практикалық тәжірибе алуға жағдай жасайтынына көз жеткіздік.