Наркостоп: Алматы жастары есірткіге қарсы

9 желтоқсан, 2024

ТДМ №3 Денсаулық пен әл-ауқат

Алматыда қалалық ғимараттардың қасбеттерінде есірткіні заңсыз жарнамалаумен күресуге бағытталған "Наркостоп" кезекті ауқымды акциясы өтті. Іс-шара Алматы полиция департаментінің жастар саясаты басқармасы мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен өтті. Акцияға 500-ден астам еріктілер, комунити-орталықтардың резиденттері және Қазақ ұлттық университетінің студенттері қатысты. әл-Фараби Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы. Олар Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп Есірткі жарнамасын орналастыратын орындарды анықтап, заңсыз жазуларды алып тастады.

Рейд барысында 1 тәулік ішінде ғимараттардың қасбеттеріне орналастырылған 100-ден астам жарнамалар анықталып, жойылды. Бұл іс-шараның мақсаты-есірткінің зияны туралы түсіндіру және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. 

Айта кетейік, биыл "Наркостоп" жобасына қала бойынша 3000-нан астам ерікті қатысты. Жоба аясында 60-тан астам іс-шара өткізіліп, 2000 трафарет пен граффити алынып тасталды. Дүниежүзі тарих тарихнама және деректану кафедрасының 1-курс студенттері келесі жылдары осы іс-шараға белсенді қатысады

Ұйымдастырушы: Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының оқытушысы - Ходжабай Мұхтар