Еуропа мен Қазақстан: әлемдік тарихи үдеріс контекстіндегі өзара байланыс
13 желтоқсан 2024 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Еуропа және Қазақстан әлемдік тарихи үдерісі аясында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Бұл шара тарих ғылымдарының докторы, профессор Гүлжаухар Құдайбергенқызы Көкебаеваның 70 жылдық мерейтойына арналды. Конференцияның ашылуында тарих факультетінің деканы Досбол Байғұнақов құттықтау сөз сөйлеп, профессордың жетістіктерін атап өтті.
Пленарлық отырыста сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындарының өкілдері мен Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының басшылары, Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатының, Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық құжаттаманың Орталық мемлекеттік мұрағатының және Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының өкілдері сөз сөйледі. Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Рыскелді Мырзабекова, ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Берекет Кәрібаев, археология, этнология және мұражайтану кафедрасының меңгерушісі Ринат Жұматаев және басқа да қонақтар баяндама жасады.
«Еуропа және Қазақстан әлемдік тарихи үдерісі аясында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында тарих ғылымдарының докторы, профессор Гүлжаухар Құдайбергенқызы Көкебаеваның 70 жылдық мерейтойына арналған «Ғибратты ғұмыр» кітабының («Қазақ университеті» баспасы) тұсаукесері өтті.
Конференция оффлайн және онлайн форматта, қазақ және орыс тілдерінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында өтті.