«Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ)» «Тұрақты даму үшін серіктестік» тармағы аясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы бас консулымен кездесу өтті

18 желтоқсан, 2024

18 желтоқсанда Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасына Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Мохсен Фағани мырза  келді. Бұл кездесу Мохсен Фағани мырза дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты өтті. Факультет деканы Н.Б. Ем бас консул мырзаға шығыстану факультетімен тығыз байланыста болып, жоғары білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты арттыруға сіңіірген еңбегі үшін алғыс білдірді. Өз кезегінде Мохсен Фағани мырза Иран тарапының Қазақстанда парсы тілін оқытуға қолдау көрсетуге  әрқашанда дайын екендігін атап өтіп, жақында Жетісу облысы әкімінің орынбасарымен болған кездесуде де осы тақырыпты көтергенін атап өтті. Кездесуге сондай-ақ Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығы жанындағы Мәдени орталықтың басшысы Хосейн Ағазаде мырза, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі Д.М. Көкеева және кафедра оқытушылары қатысты.

  • Мохсен Фағани 21.09.2024 жылдан бері Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасы Бас консулы қызметін атқарды.