Куаналиева Гульдана Амангельдиевна «Профессор» ғылыми атағын иеленді
Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Куаналиева Гульдана Амангельдиевна 13 желтоқсан 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің №1195 бұйрығымен 50500 – Құқық ғылыми бағыты бойынша «Профессор» ғылыми атағына ие болды.
Кафедра ұжымы Гульдана Амангельдиевнаны шын жүректен осы мәртебелі атағымен құттықтайды! Бұл жетістік тек кафедраның ғылыми әлеуетін нығайтып қана қоймай, жас мамандар мен студенттерге үлгі болары сөзсіз.
Гульдана Амангельдиевна білім беру сапасын арттыруға және елдің білім беру жүйесін дамытуға орасан үлес қосуда. Ол – көптеген ғылыми мақалалар мен оқу құралдарының авторы, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарында ерекше белсенділігімен танылған жоғары білікті маман.
Кафедра ұжымы Гульдана Амангельдиевнаға шығармашылық шабыт, зор денсаулық және алдағы уақытта жаңа биіктерді бағындыруды тілейді!