«Жауапкершілікті өзіңнен баста»
2024 жылғы 16 қарашадағы ҚР Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Р. Желдібайдың №24-71-16.74 қарарына сәйкес, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің заң факультеті мен кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Г.А. Куаналиева, PhD доктор Г.К. Рашева, оқытушы Э.С. Куандыкова, докторант Д. Джапаркулов, аға оқытушы С.М. Жапаковтың ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау мақсатында 2024 жылдың 20 желтоқсанында Алматы қаласындағы №38 Ломоносов атындағы Қазақстан-Ресей гимназиясында «Жауапкершілікті өзіңнен баста» атты кездесу ұйымдастырды. Бұл шара «Тәртіпті өзіңнен баста!» қоғамдық акциясы аясында өткізіліп, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырумен және ТДМ-16 жүзеге асыру мақсатында құқықтық тәртіптің маңыздылығын түсіндіруді мақсат етті.
Кездесу барысында PhD доктор Г.К. Рашева мен докторант Д. Джапаркулов білім беру теңдігі, сапасы, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілік пен тәртіп мәселелерін талқылап, жастарға білім мен тәртіптің өзара байланысын түсіндірді.
Қоғамда заң мен тәртіптің орнауы тек мемлекеттік құрылымдардың жұмысымен шектелмей, әрбір азаматтың құқықтық мәдениетіне, жауапкершілігіне және тәртіпке деген көзқарасына байланысты. Осыған орай, Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты жастар арасында құқықтық мәдениетті дамытуға, олардың заңға деген құрметін арттыруға, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған. Мұндай іс-шаралар қоғамның әрбір мүшесінің құқықтық жауапкершілікті өзінен бастауына мүмкіндік беріп, нәтижесінде жалпы құқықтық тәртіптің деңгейін арттырады.
Іс-шара қоғамда заң мен тәртіпті нығайту үшін әр азаматтың құқықтық мәдениетіне және жауапкершілікке деген көзқарасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады. «Заң мен тәртіп» идеологиясын жүзеге асыруға бағытталған бұл шара жастардың құқықтық сана-сезімін арттыруға және оларды саналы, жауапкершілікті азаматтар етіп тәрбиелеуге ықпал етеді.