Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық артуда

Өзбекстан Республикасының Мирзо Ұлықбек атындағы Самарқанд мемлекеттік сәулет-құрылыс университетімен жасалған ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес 2024 жылғы 17 желтоқсаннан бастап "Әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдары" кафедрасының доценті Бекзод Расулов және кафедраның аға оқытушысы Кахрамон Мамарахимов философия және саясаттану факультетінде ғылыми жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта бұл мамандар осы факультетте ғылыми тағылымдамадан өтуде. Филосфия және саясаттану факультетінің деканы Мейірбаев Бекжан Берікбайұлы аталмыш ғалымдармен кездесіп, екі елдің ғалымдары арасында семинар-тренингтер, дөңгелек үстелде талқылау ұйымдастырылып, олардың арасында тәжірибе алмасу туралы келіссөздер жүргізуде.
Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық, академиялық алмасу, жазғы және қысқы мектептерді ұйымдастыру, оқыту, оқу әдебиеттерін бірлесіп құру болып табылады.
Басқа жаңалықтар

