Психологтарға арналған көшпелі курс, Ақтөбе қ.

24 желтоқсан, 2024

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты орта білім беру ұйымдарының қызметкерлерін 80 сағат көлеміндегі «Зорлық зомбылықсыз қарым-қатынас құру дағдыларын дамыту», атты біліктілікті арттыру курсын Ақтөбе қаласында өткізді.

Курстың мақсаты:

Орта білім беру ұйымдарының қызметкерлерін оқушылар арасындағы суицидтік мінез-құлық, зорлық-зомбылық және конфликт жағдайларын алдын алу бойынша заманауи әдіс-тәсілдермен қаруландыру. Педагогикалық ұжымда психологиялық қолдауды тиімді ұйымдастыру және оң қарым-қатынас қалыптастыру дағдыларын дамыту арқылы оқу үдерісіндегі әлеуметтік-психологиялық мәселелерді шешу қабілетін арттыру.

Курста зорлық-зомбылықты анықтау, алдын алу және оқушылар мен ата-аналар арасында қауіпсіз орта құру стратегиялары үйретіледі. Тыңдаушыларға позитивті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың әдістемелері ұсынылады.

Курс қатысушылары арнайы үлгідегі сертификатқа ие болды. Педагогтердің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламалары ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығының 6-тармағына және біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығына сәйкес бекітілді.