- Басты бет
- Жаңалықтар
- Метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары Талғар мен Есік қалаларында төтенше жағдайлар бойынша өткен тренингтерге қатысты
Метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары Талғар мен Есік қалаларында төтенше жағдайлар бойынша өткен тренингтерге қатысты
2024 жылдың 12 және 21 қарашасында 4 және 13 ТДМ мақсаттарын жүзеге асыру шеңберінде метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары Мусина А.К., Раймбекова Ж.Т. Талғар және Есік қалаларында студенттер мен қала тұрғындары үшін Юнеско офисімен ұйымдастырылған тренингтерге қатысты. Бұл тренингтер Қазақстанда жиі кездесетін түрлі төтенше жағдайлар туралы ақпаратты кеңейтуге және төтенше жағдайлар кезінде қорғану шараларымен танысуға бағытталды.
Оқытушылар эксперт ретінде төтенше жағдайлардың классификациясын, соның ішінде табиғи және техногендік апаттарды, олардың халықтың өмір тіршілігіне ықпалын егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар, төтенше жағдайларға әрекет етуге бағытталған заңнамалық механизмдер мен мемлекеттік және аймақтық инфрақұрылымдағы ескертулер мен салдарын жою жүйелері талқыланды.
Тренинг барысында қатысушылар төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік шаралары бойынша сұрақтар қойып, кеңестер алды, бұл оларға қауіпті басқару және төтенше жағдайларға тиімді әрекет ету процестерін терең түсінуге мүмкіндік берді.
Сілтемелер: https://glofca.org/glof-seminars-engaging-communities-in-issyk-and-talgar/
https://www.instagram.com/reel/DC4Rh7Ktd8m/?igsh=MTFsbWczZWFpZG9sOA==
https://www.instagram.com/p/DCWbgPCtowN/?img_index=2&igsh=bXo5dWF6a244aXEw