ҚазҰУ-дың журналистика факультетін 30 жыл бұрын (1994 ж.) бітірген белгілі түлектері университет музейіне келді.Farabi University

ҚазҰУ-дың журналистика факультетін 30 жыл бұрын (1994 ж.) бітірген белгілі түлектері университет музейіне келді.

23 желтоқсан, 2024

Журналистика факультетінде ұйымдастырылған салтанатты іс-шарадан соң түлектер университет музейін тамашалады.

Бұл түлектердің ішінде нағыз журналистика саласының майталмандары – республикалық,халықаралық газет журналдардың редакторлары, корреспонденттері, радиожурналистер мен фотокорреспонденттер бар. Олардың ішінде: Цхай Евгения Робертовна -"UNIDOM"( KAZAKHSTAN) Бас директоры, Корея мемлекетіндегі «Корё ильбо» газетінің корреспонденті, Калымов Асет Далелханович – "Казахстанская правда" газетінің Алматы облысындағы арнайы тілшісі, Анна Резник – «Forbes Kazakhstan» журналы редакторының орынбасары, Татьяна Голубцова – «Психология-Бизнес-Медиа» Ассоциациясының вице-президенті, Азима Рузуддинова – Канаданың Оттава қаласында жұмыс істейді, Андрей Магай - фрилансер фотограф-видеограф, Белов Александр Вячеславич – ақын, жеті кітап пен фотоальбомдардың авторы, Кудабай Арман Актайулы – журналистика факультетінің аға оқытушысы.

Кешегі студен-бүгінгі жуналистика саласындағы жетекші мамандар музей экспозицияларын көрін, өздерінің алтын ұяларының дамып, өркендеп келе жатқанына дән риза болды.