- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасының профессоры Халықаралық қытай тілі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Қытайтану кафедрасының профессоры Халықаралық қытай тілі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

2024 жылғы желтоқсанда Жібек жолы елдері университеттері қауымдастығының Қытай бөлімшесі жетекші консалтингтік компаниялармен бірлесіп, қытайтану кафедрасының профессоры Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызын Халықаралық қытай тілі комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындау туралы хатты ресми түрде табыс етті (http://https://www.cctss.org/article/headlines/7470). Өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. Бұл тағайындау профессордың қытай тілі мамандығын оқыту және қытайтану, мәдениетаралық коммуникация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесінің мойындалуы болды.
Жібек жолы елдері университеттерінің қауымдастығы «Бір белдеу, бір жол» бастамасына кіретін елдер арасындағы білім беру және ғылыми байланыстарды нығайтудың негізгі тұғырнамаларының бірі болып табылады.
Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызы өзіне сенім білдіргені үшін алғыс білдіріп, оның жұмысы тіл білімі, мәдени алмасу және бірлескен ғылыми зерттеулер саласындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталатынын атап өтті.
Басқа жаңалықтар

