2025 жылдың 6 қаңтарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты талқыланды.Farabi University

2025 жылдың 6 қаңтарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты талқыланды.

6 қаңтар, 2025

2025 жылдың 3 қаңтарында «Ана тілі» газетінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылдың қорытындысы мен алдағы жылға арналған басымдықтарды белгілеу жөніндегі кең көлемді сұхбаты жарияланған болатын. Осыған байланысты 2025 жылдың 6 қаңтарында ҚазҰУ-дың қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасында аталған сұхбатты талқылау шарасы өтті. Іс-шара көптілді форматта өтті: спикерлер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөз сөйледі, бұл ақпараттың кең аудиторияға қолжетімді болуына ықпал етті. Талқылау барысында Президент айтқан негізгі мәселелер қаралды, оның ішінде: 
* Инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту. 
* Автомобиль жолдарын салу және жөндеу, сондай-ақ Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларында жаңа жолаушылар терминалдарын іске қосу.
 • Кен өндіру, мұнайхимия және металлургия салаларында ауқымды жобаларды жүзеге асыру. 
* Аграрлық сектордағы жетістіктер, оның ішінде соңғы 10 жылдағы рекордтық астық жинау.     
Қатысушылар Президенттің сұхбаты Қазақстанның стратегиялық басымдықтарын көрсетіп, елдің тұрақты даму мен егемендігін нығайтуға деген ұмтылысын айқындайтынын атап өтті. Энергетикалық тапшылық мәселелері мен халықаралық консорциум аясында атом электр станцияларын салу жоспарлары да ерекше назарға алынды.     
Іс-шара соңында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы білім беру мекемелерінің сұхбатта айтылған құндылықтарды тарату мен қолдаудағы, сондай-ақ қазіргі заманғы сын-қатерлерге тиімді жауап беруге қабілетті мамандарды даярлаудағы маңызды рөлін атап өтті.