- Басты бет
- Жаңалықтар
- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің магистранттары мен студенттері «Таза бейсенбі» акциясына қатысты
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің магистранттары мен студенттері «Таза бейсенбі» акциясына қатысты
"Таза бейсенбі" акциясы Алматының белсенді және қамқор азаматтарын біріктірді. Іс-шара аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранттары мен студенттері қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты.
Акцияға қатысушылар "Аманат" партиясының мүшелерімен және коммуналдық қызметтермен бірлесіп "Достық" саябағының аумағын қардан тазартты. Жаяу жүргіншілер жолдарына, ойын және спорт аймақтарына, сондай-ақ Есентай өзенінің бойындағы іргелес учаскелерге ерекше назар аударылды. Бірлескен күш - жігердің арқасында саябақ аумағының 20-дан астам учаскесі ретке келтірілді.
Бұл іс-шара экологиялық акция ғана емес, жастар арасында азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеудегі маңызды қадам болды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі Ғалымжан Есқараұлы атап өткендей:
"Мұндай акцияларға қатысу бізді табиғатқа және ортақ болашағымызға қамқорлық жасауға ынталандырады. Әрбір азаматтың, оның үстіне білім алушы - студент, магистрант, докторант болсын, оның Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында бұл акцияны біз де қолдаймыз"
Мұндай бастамалар университеттің тұрақты даму идеяларына және экологиялық жауапты қоғамды қалыптастыруға деген ұмтылысын көрсетеді.