«Оқу үрдісіне инновациялық технологияларды интеграциялау»

2024-2025 оқу жылының «Қысқы мектеп» аясында факультетіміздің 70 жылдық мерейтойы қарсағында оқыту және білім беру сапасы бойынша Академиялық комитеттің ұйымдастыруымен 08.01.-15.01.2025 ж. күндері аралығында «Оқу үрдісіне инновациялық технологияларды интеграциялау» атты оқу-әдістемелік жұмыс оқулары апталығы өтіп жатыр. Апталықтың мақсаты: құқық бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының оқу – әдістемелік кешендерін өңдеу мен талқылау, құқықтық пәндерді оқытуда инновациялық жаңа бағыттарын дамытуға ықпал ету болып табылады.
Апталық барысында қарастырылатын негізгі мәселелер:
1 Интерактивті силлабус енгізу мәселелері
2 Цифрландыру жағдайында құқықтық пәндер бойынша оқу сабақтарын өткізу әдістемесі: дәстүрлер мен жаңа үдерістер
3 Құқықтық ғылымның тұрақты дамуы: мектебі, доктриналар мен тұжырымдамалар
4 Оқу процесінің өзекті мәселелері
5 Силлабус студенттердің оқу процессін реттеу құралы ретінде
Басқа жаңалықтар

