ТДМ (4) «Сапалы білім беру», ТДМ (11) «Тұрақты қалалар мен елді мекендер», ТДМ (17) «Орнықты даму мүдделеріндегі әріптестік»Farabi University

ТДМ (4) «Сапалы білім беру», ТДМ (11) «Тұрақты қалалар мен елді мекендер», ТДМ (17) «Орнықты даму мүдделеріндегі әріптестік»

7 қаңтар, 2025

2024 жылдың 6-7 қаңтар аралығында ТДМ (4) «Сапалы білім беру», ТДМ (11) «Тұрақты қалалар мен елді мекендер», ТДМ (17) «Орнықты даму мүдделеріндегі әріптестік» аясында «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының з.ғ.к., доцент Исабеков А.К. Жетісу облысының «Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырып отырған республикалық олимпиаданың III (облыстық) кезеңінде қазылар алқасының төрағасы қызметін атқарды.

Олимпиада 6-7 қаңтар күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналып ұйымдастырылды, ал 8 қаңтарда апелляция жұмысы жүргізілді.

Бұл шараның сәтті өтуі үшін біздің білім беру мекемеміздің ұстаздарының қатысуы мен қолдауы өте маңызды. Олимпиаданың мақсаты — дарынды және талантты жастарды анықтап, олардың білім мен дағдыларын одан әрі дамытуға мүмкіндік беру. Біздің бірлескен жұмысымыз жас ұрпақтың білім деңгейін арттырып, болашақ білікті мамандар дайындауға көмектеседі.

“Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық” кафедрасы