- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ заң факультетінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатын талқылау өтті
ҚазҰУ заң факультетінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатын талқылау өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараны заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор У. Ахатов ашты.
Талқылауға кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор Г.А. Куаналиева қатысып, мемлекет басшысы сұқбатындағы ең өзекті мәселелерді, атап айтсақ сыртқы саясат мәселесін, з.ғ.к., доцент Қ.Ж. Қуандықов заң мен тәртіп қағидасын, Phd докторы, аға оқытушы Рашева Жаңа су кодексіне тоқталып кетті. Дөңгелек үстелде сұхбатта қозғалған мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, заң мен тәртіпті нығайту және ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелері талқыланып, қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды.