Профессор-оқытушылар мен жас ғалымдарға арналған ғылыми-әдістемелік семинар
2025 жылдың 15-қаңтарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде профессор-оқытушылар мен жас ғалымдарға арналған ғылыми-әдістемелік семинар басталды.
«Академиялық жазылым» тақырыбында ф.ғ.к., профессор м.а. Мысаева Қарлыға Нақысбекқызы, ПОӘК даярлау және интерактивті силлабус жасау туралы Білім беру және оқыту сапасы жөніндегі академиялық комитет төрайымы Негізбаева Марлан Оңласынқызы, докторанттар мен магистанттарға докторлық және магистрлік диссертацияны қорғау бойынша Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау басқармасының бас маманы Сағыныш Мәдиевтер баяндама жасады.
ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының «Халықаралық журналистика» және «Қоғаммен байланыс» және «Этножурналистика» білім беру бағдарламаларының докторанттары мен магистранттары да бұл шараға белсене қатысты. Факультет оқытушылары мен жас ғалымдары өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарға арнайы сала мамандарынан жауап алды, соның нәтижесінде екіжақты пайдалы да нәтижелі семинар өтті.
Ошанова Орынтай,
ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация
кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор