- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Механика" кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессоры Ержан Беляев Лотарингия университеті мен CNRS-тің LEMTA ғылыми-зерттеу орталығында ғылыми сапар жасады
"Механика" кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессоры Ержан Беляев Лотарингия университеті мен CNRS-тің LEMTA ғылыми-зерттеу орталығында ғылыми сапар жасады
"Механика" кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессоры Ержан Беляев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Лотарингия университеті және CNRS-тың LEMTA ғылыми-зерттеу орталығында ғылыми сапар жасап, «Heat management» тақырыбында бірлескен зерттеулер жүргізді. Олар жылуды тиімді басқару мен инновациялық шешімдер әзірлеуге бағытталған жобалар бойынша жұмыс істеп, энергия үнемдеуді жақсартуды мақсат тұтты.
Қазіргі уақытта ҚазҰУ-дың 9 студенті қос диплом бағдарламасының екінші курсында оқып, әлемдік деңгейдегі ғылыми жобаларға қатысуда. (ЦУР 8) Олардың кейбірі қалдық жылуды сақтау мен сутегі өндіру сияқты инновациялық жобалар бойынша тағылымдамадан өтуде. Бұл бағдарлама студенттерге халықаралық тәжірибе жинақтап, ғылыми білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді.
Ахметова Балжан Ибрагимқызы,
Механика кафедрасының меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары