2025 жылдың 20 қаңтарынан бастап «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы «Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» атты 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсына белсенді түрде қатысуда.Farabi University

2025 жылдың 20 қаңтарынан бастап «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы «Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» атты 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсына белсенді түрде қатысуда.

21 қаңтар, 2025

2025 жылдың 20 қаңтарынан бастап «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті оқытушылары үшін ұйымдастырылған «Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» атты 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсында белсенді түрде қатысуда. Курс құқық саласындағы білімдерді тереңдетуге және білім беру ортадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға бағытталған.

Курс жетекшісі — заң ғылымдарының докторы, профессор Ибраева Алуа Саламатовна, өз саласында терең білімге ие жоғары білікті маман, бұл курс материалдарының сапалы әрі өзекті болуын қамтамасыз етеді.

Курс Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының қолдауымен ұйымдастырылды. Оқытушылардың біліктілігін арттыру — олардың кәсіби құзыреттіліктерін жетілдірудің маңызды қадамы, бұл құқықты оқытудың заманауи тәсілдерін енгізуге және болашақ мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеуге ықпал етеді.

"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы