1997 жылғы түлектердің кездесуі!Farabi University

1997 жылғы түлектердің кездесуі!

24 қаңтар, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті “Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық” кафедрасы Мұратәлиев Жандос Дүйсебайұлының отбасына және заң факультетінің 1997 жылғы түлектеріне ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орай арнайы жасалған эксклюзивті сыйлықтарды естелікке тарту етті.

Бұл сыйлықтар Жандос Дүйсебайұлының есімін ұлықтау мақсатында жасалған, оның тұлғасына деген құрметтің белгісі болды.Осындай әдемі бастаманы қолдаған Заң факультетінің деканы з.ғ.к. Ахатов У.А., кафедра меңгерушісі з.ғ.к., доцент Усеинова К.Р. және з.ғ.к., доцент Турсынкулова Д.А. барша қатысушыларға алғыстарын білдіреді. Бұл шара Жандос Дүйсебайұлының рухын қастерлеп, оның жарқын бейнесін болашақ ұрпаққа жеткізу үшін маңызды қадам болды.                  

“Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық” кафедрасы.