Басты мақсат – экономиканы өркендету және халықтың әл-ауқатын арттыру

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөз сөйлеп, үкімет мүшелері және жиынға қатысушылар алдында өткен жарты жылдықта атқарылған жұмыстарға тоқталып, бірінші жартыжылдықтың қорытындыларын талқылады. Ел басы әлі де ел алдында шешімін күтіп тұрған басты міндеттерді де атап өтті. Сондай ақ президент өз сөзінде үкімет алдында тұрған негізгі міндеттерді айқындап берді. Өткен жарты жылдықта індетке және шектеу шараларына қарамастан, ел экономикасы жарты жыл ішінде 2,2 пайызға өсті. Жалпы, күрделі кезеңге қарамастан ел экономикасы дамып келеді. Бұл – тұрғындар мен бизнес өкілдерінің қалыптасқан ахуалға, шектеу шараларына бейімделе бастағанын көрсетеді. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау жұмыстары мақсатқа сәйкес және тиімді жүргізілді. Бірақ, індеттің беті әлі қайтқан жоқ. Барлық көрсеткіштер жария етілді. Қазір жағдай әлі де болса күрделі болып қалып отыр. Дегенмен, елімізді дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру – қашанда үкімет алдында тұрған маңызды міндет болып табылады. Президент ауыл шаруашылығы, халықты еңбекпен қамтамасыз ету, бюджетті тиімді пайдалану, жол құрылысы, тауар тасымалдау денсаулық саласын заманауи құрал-жабдықпен қамтамасыз ету арқылы халықтың өлім-жетім пайызын азайту, жер, ауыз су ресурстарына қатысты мәселелерді шешу және оларды тиімді пайдалану, бизнеске қолдау көрсету сияқты елдегі кезек күтпейтін өзекті мәселелерді шешудің жолын атап көрсетті.
Осындай өзекті мәселелерге тоқтала келе ел басы бәріміздің елдің игілігі, халқымыздың мүддесі үшін еңбек етуге шақырды. Сондықтан алдағы атқарылатын жұмысымыздың нәтижесі, маңызды тұстары, бірлесіп ел үшін ынтымақпен адал еңбек ету екеніне баса назар аударды.
Баймуратова И.А. ф.ғ н. Филология факультеті, шет ел тілдері кафедрасының аға оқытушысы.
Басқа жаңалықтар

