- Басты бет
- Жаңалықтар
- Бүгін Астанада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баяндамасы еліміздің болашақ дамуына жаңа серпін берді.
Бүгін Астанада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баяндамасы еліміздің болашақ дамуына жаңа серпін берді.

Бүгін Астанада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баяндамасы еліміздің болашақ дамуына жаңа серпін берді.
Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру, цифрлық технологияларды енгізу, инфрақұрылымды дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында ауқымды міндеттер қойды.
Президент заңдылық пен тәртіптің маңыздылығына ерекше тоқталды. «Заң және Тәртіп» принципі қоғамдық санада терең тамыр жайып, қоғамның ажырамас құндылығына айналуы керек. Бұл үшін «құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік» қағидасын жүйелі түрде ілгерілетіп, оны барлық деңгейде қолдану қажет.
Мемлекет қабылдайтын кез келген шешімдер қоғамның мүддесіне сай жасалуы тиіс, бұл халықтың мемлекетке деген сенімін нығайтады.
Қазақстанның тұрақты дамуы мен халықаралық аренадағы беделін нығайту үшін «Заң және Тәртіп» қағидатын қоғамда ілгерілету, инновацияларды енгізу және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар қарқынды жалғасатынына сенеміз. Біз бірлігімізбен және табандылығымызбен барлық мақсаттарымызға жетеміз!
«мемлекет және құқық тетриясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы з.ғ.д., профессор Кегембаева Ж.А.
Басқа жаңалықтар

