- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ)» «Тұрақты даму үшін серіктестік» тармағы аясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушысы мен магистранты саммитте аударма жасауда
«Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ)» «Тұрақты даму үшін серіктестік» тармағы аясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушысы мен магистранты саммитте аударма жасауда

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Гүлбақыт Құдайбергенова мен 1 курс магистранты Гаухар Омарханова 30-31 қаңтарда Алматы қаласында өтіп жатқан Евразия экономикалық одағы премьер-министрлерінің саммитіне және «Алматы цифрлық форумы 2025» форумына қатысуға Иран Ислам Республикасының бірінші вице-президенті Мохаммад-Реза Ареф бастап келген иран делегациясына аударма жасауда. Иран Ислам Республикасының өткен жылдың желтоқсан айында Еуразиялық экономикалық одаққа бақылаушы мәртебесін алуы екіжақты қарым-қатынастардың барлық саладағы дамуына ықпал етуде. Иран Ислам Республикасы Евразия Одағындағы бақылаушы мүше ретіндегі жоғары деңгейдегі шараға алғаш рет қатысып отыр. Шығыстану факультеті оқытушысы мен магистрантының аса жоғары деңгейдегі шараға аударма жұмысына шақырылуы факультет мамандарының жоғары кәсіби дайындығын көрсетеді.
Басқа жаңалықтар

