ТДМ-17: Студенттер Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарымен кездесті
Оқу ордамызда 30 қаңтар күні 3-4 курс студенттері мен магистранттар Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мендіғалиев Қайыржан Ермекұлымен кездесті. Бұл кездесудің мақсаты - жастарға жұмысқа орналасу, кәсіби даму және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру.
Кездесу барысында төмендегідей маңызды мәселелер талқыланды:
1. Бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері:
Кездесу барысында Қайыржан Ермекұлы жастарға жұмысқа орналасу жолдары мен қажетті дағдылар туралы ақпарат берді. Ол облыстағы жұмыс нарығының жағдайын, сұранысқа ие мамандықтарды және түлектер үшін қолжетімді мүмкіндіктерді атап өтті.
2. Кәсіби даму перспективалары:
Әкімнің орынбасары кәсіби дамудың маңыздылығын атап өтіп, студенттерге өз білімдерін жетілдіру, қосымша курстар мен тренингтерге қатысу арқылы бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруды ұсынды.
3. БҚО-да мансаптық өсу жолдары:
Жастармен кездесуде Қайыржан Ермекұлы облыста мансаптық өсу үшін қажетті қадамдар мен стратегияларды бөлісті. Ол жастарға өз мақсаттарын анықтап, оларды жүзеге асыру үшін белсенді болуға шақырды.
Тың ақпараттарға толы бұл кездесудің соңында студенттер мен магистранттар Қайыржан Ермекұлынп жастарға көңіл бөліп, маңызды ақпарат пен пайдалы кеңестер бергені үшін алғыс білдірді. Бұл кездесу студенттеріміздің болашағы үшін дұрыс бағыт-бағдар алуына және құнды ұсыныстармен танысуына зор ықпал етті.