ҚАЗҰУ-ДА ЦУР 14 АЯСЫНДА «МҰХИТ ЭКОЖҮЙЕСІН ҚОРҒАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІFarabi University

ҚАЗҰУ-ДА ЦУР 14 АЯСЫНДА «МҰХИТ ЭКОЖҮЙЕСІН ҚОРҒАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

3 ақпан, 2025

    2025 жылғы 3 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінде биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының аға оқытушысы, PhD Сырайыл Саягүл «Адам әрекетінен болатын теңіз экожүйесінің ластануының алдын алу іс-шаралары» тақырыбында оқу семинарын өткізді. Іс-шара «7M01504 –Биология» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары үшін ұйымдастырылып, ЦУР 14 – Мұхиттар мен теңіздерді қорғау және олардың ресурстарын тұрақты пайдалану аясында өтті.

Семинар студенттерге мұхиттар мен теңіздердің экология, экономика және адам өміріндегі рөлі туралы терең түсінік қалыптастыруға, сондай-ақ жастардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталды.

Бағдарлама аясында жүзеге асқан негізгі іс-шаралар:

- Мұхит және теңіз экожүйелерінің маңызы, олардың экологиялық тепе-теңдікті сақтаудағы рөлі туралы дәріс;

- Мұхит экожүйесінің негізгі ластану көздерін талқылау: өнеркәсіптік және химиялық қалдықтар, пластик пен тұрмыстық қоқыс, ауыл шаруашылығының зиянды химикаттары, теңіз көлігі мен мұнай төгінділері;

- Ластанудың экологиялық және экономикалық салдарын қарастыру: биоалуантүрліліктің азаюы, балық шаруашылығы мен туризмге әсері;

- Студенттермен интерактивті пікірталас, теңіз экожүйесіне әсерді азайту жолдарын талқылау.

Іс-шараға қатысқандар саны:

- магистранттар – «7M01504 –Биология» білім беру бағдарламасының 1-курс 18 магистранттары ,

- оқытушыСырайл Саягул.

- сыртқы қатысушы жоқ

Семинар студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыруға және тұрақты экологиялық ойлау қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Қатысушылар теңіз экожүйесінің ластану себептері мен салдарын түсініп, табиғи ресурстарды сақтау үшін мінез-құлық өзгерту қажеттігін білді. Іс-шара ҚазҰУ-дың Тұрақты даму мақсаттары бойынша білім беру қызметін күшейтіп, ЦУР 14 көрсеткіштерін THE Impact Rankings рейтингінде нығайтуға септігін тигізді.