ТДМ-8: Жастар ұйымдары комитетінде студенттік сайлау өтті
                        31 қаңтар, 2025                    
                
                Университетіміздің Жастар ұйымдары комитетінде 31 қаңтар күні маңызды сайлау өтті. Сайлауға түскен үміткерлер өз бағдарламаларын таныстырып, университеттің дамуына үлес қосуда маңызды санаған өз жоспарларымен таныстырды. 
Білім алушыларымыздың белсенді дауыс беруінің нәтижесінде өткен сайлауда, әділ түрде жаңа студенттік проректорлар анықталды.
- Шетелдік студенттермен жұмыс жөніндегі проректор – Шыныбекова Дана Абатқызы 89,45% дауыспен жеңіске жетті.
 - Академиялық мәселелер бойынша студенттік проректор – Тажбаев Ерасыл Ерсайынұлы 92% көрсеткішпен сайланды.
 - Ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор – Досмаханбет Бақдәулет Маратұлы 89,45% дауыспен жеңімпаз атанды.
 - Тұрақты әлеуметтік даму жөніндегі студенттік проректор – Базарбай Зарина Нұрланқызы 91% дауыс жинады.
 
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бастамаларыңыз бен идеяларыңызды арқау еткен алдағы жобалар университетіміздің дамуына серпін беріп, студенттердің өмір сапасын жақсартуға ықпал ететініне сенеміз.

.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
Басқа жаңалықтар
                                
                                    2 қараша, 2025                                
                            
                                
                                    26 қазан, 2025                                
                            
                                
                                    25 қазан, 2025